$ 494.87  520.65  4.91

«Қарақаттың қолынан да ұстамаппын»: Қыдырәлі Болманов жастық шағын еске алды

Қарақатпен танысқанда ол 18 жаста болатын.
Фото: ©instagram.com/kydyrali_bolman
Фото: ©instagram.com/kydyrali_bolman

Әлеуеметтік желіде әнші Қыдырәлі Болмановтың жары Қарақатпен таныстығы жайлы және ауылда өткен жастық шағы туралы жазбасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарақатпен танысқанда ол 18 жаста болатын. Содан бері жұбымыз жазылмапты. Төрт жылға жуық қасыма ертіп жүріп, қарындасымдай қарап әрі мінез-құлқын зерттеп жүріп, қолынан да ұстамаппын. Осы кезде есіме ауылым, балаң жігіт кезіміз еске оралды, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Әнші ауылдағы қайғысыз, қамсыз өткен жасөспірім шағын еске алды. 

Сәл кейін шегінсек… Қара шаңырақ Қарсақбай дейді біздің жақта. Қаныш Сәтбаев атамыз тұрған ауыл. Ағылшындар алғашқы завод салған жер. Біздің бірге жүретін достарымыз спортқа, өнерге жақын болатын. Арақ-шарап дегенді татып алмайтынбыз. Біздің "вечерлеріміз" керемет көңілді өтетін. Небір билер биленіп, отыра қалып, сағаттап гитарамен ән айтатынбыз. Сосын жанды дауыста менің "жеке концертіме" жалғасып, таңа ата тарайтынбыз.  Вечерге келген ауылдың әрбір сұлуын үйлеріне дейін шығарып салып, ешкімге жәбірлетпей, қабақтарына кірбің түсірмеуге тырысып, кәдімгідей қамқор болатынбыз. Кеш бойы қадағалап қарайтынбыз. Жасөспірім жігіттерміз. 16-17 жас шамасында болармыз. Әрі кеткенде баяу әнге қыздарды вальсқа шақырамыз. Би басталысымен шам сөндіру бір “мода” болатын. Ауылдағы “ақсүйек” ойынының заманауи бір түрі болар, сірә, – деп жазды өнер иесі.
 

Желі қолданушылары да әншімен бірге жастық шаққа сапар шекті.

Дәл сіз жазғандай күйді сол кездің ұлы да, қызы да бастан өткіздік қой”, “Талай жігіт келіп сөз айта алмай, кеткен еді ұялып”, “Сонау 80-ші жылдары ауыл кеші сондай еді”, “Студент кезім есіме түсіп кетті”, “Қайта оралмас кездер”, “Ол кездегі барлық адамның ойлауы, сыйлауы керемет еді, – деп жарыса жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары