Әнші Индира Еділбаева сырға салу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол Instagram-дағы парақшасында осы рәсімнен видео жариялады.
Әр үйге осындай бақыт тілеймін, - деп жазды ол.
Әншінің оқырмандары мен Салтанат Бақаева, Гүлназ Жоланова және Наzима сияқты өнер артистер де құттықтап жатыр.
Ол сонымен бірге сырға салуға киген көйлегімен түскен бірнеше фотосын да бөлісті.
"Образың сырға салуға арналмаған екен, өкінішке орай", "Қолы ашық қой, сырға салуға қарапайымдау көйлек керек сияқты" деп жазған әншінің оқырмандары.
Әншінің күйеужігіті - "Жабық клуб" ("Закрытый клуб") музыкалық лейблінің директоры Камалдин Камирдинов. Камалдин - The Limba, Rusha, Ayau, Liili, Qair, abdr секілді әртістердің менеджері.