Танымал тележүргізуші Анна Данченко таяуда анасының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Журналист Instagram парақшасында бүгінде анасының халі жақсарғанын айтты.
Анашым, қайта құшақтай алғаныма, сөйлесе алғаныма, жақсы көрем, сағындым деп айта алғаныма, бірінші Аллаға, екінші дәрігерлерге, үшінші сіздерге, оқырмандарым мың алғыс! Дұғаларыңыз қабыл болып, шүкір, жағдайы жақсарып келеді, - деді Данченко.
Сонымен қатар ол ертең анасы ауруханадан үйге шығатынын айтты.
Қазір ғана анама барып, дәрігермен сөйлестім. Алла қаласа ертең үйге шығарады, анализдері жақсы, әрі қарай үйден емделеді. Ең бастысы ол жансақтау бөлімінде емес, өз бетімен демалуда, жүрегі өз бетінше соғуда, - деді журналист.