22.08.2023, 11:40

«Батасын алдым»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
Лондонға кетерде әкемнің ауылына бардым.

Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде өмірден өткен әкесімен соңғы рет түскен видеосын бөлісті, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Лондонға кетерде әкемнің ауылына барып ,үлкен жолдың алдында батасын алдым. Сол кездегі түскен видеомыз естелік болып, осында тұрсын, - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушыларының бірі әншіге әкесінің қазасы үшін көңіл айтса, екіншілері әкесімен дер уақытында табысып үлгерген Иманбаеваға тілекші екенін жеткізді.

"Ең бастысы, өкініште қалмай, табысып үлгергенің", "Батасын алып, жолға шыққаның қандай жақсы болған. Әкеңіздің алдынан жарылқасын", "Әкеңізге қатты ұқсайды екенсіз", "Сенің келгеніңе мәз болып тұр ғой видеода", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазды желідегілер.