Айсауле Бақытбек қызының есімін "Сәтті" деп қойғандарын айтып берді. Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Skifnews.kz.
Қазақстандық продюсер, актриса Баян Алагөзованың тұңғышы Айсауле Бақытбек осы жылдың шілде айында екінші қызын бауырына алған болатын.
Айсауле Бақытбек қызына қандай есім бергенін есте қаларлықтай етіп хабарлады.
"Қазақша ат болғанына қуандым", "Сәттінің өмірінде сәттіліктер көп болсын", "Өте ерекше есім", "Әдемі есім, ешкімде жоқ", - деп әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазды.