$ 498.34  519.72  4.85

«Атышулы «Қослайктан» көрермендер бас тартып жатыр». Журналист Диана Скатова күтпеген мәлімдеме жасады

Әрине, сонша жылдан соң қоштасу оңай болсын ба?!
Фото: instagram.com/skatovaadiana
Фото: instagram.com/skatovaadiana

Қазақстандағы танымал "QosLike" бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова жобамен қош айтысты, - деп хабарлайды Skifnews.kz.

Дәл осы сәтте іштей жобамен қоштасқан шағым еді. Эфир бойы ішімдегі алай-дүлейді, қимастықты көрсетпеуге тырыстым, алайда ең соңында эмоциямды басқару қиынға соқты. Әрине, сонша жылдан соң қоштасу оңай болсын ба?! Арнамен, ұжыммен арадағы үлкен сыйластықты сақтай отырып осы шешім қабылданды. Жаңа маусым басталмайынша, бұл жайлы тіс жармадым. Енді міне, айтуға рұқсат. Жоба аясында танысқан қанша адам, дос, әріптес, жұптар, әрдайым тілекшілеріңіз боламын! Ал жаңа маусым құтты да берекелі болсын! - деп жазды Диана Скатова. 

Желі қолданушылары Диана Скатова кетсе, бағдарламаны қараудан бас тартатындарын жарыса жазып жатыр.

"Енді Қослайық қармайтындар, біз біргеміз", "Енді Қослайқтың қызығы да жоқ", "Біз сізге үйреніп қалдық, кетпеңіз", "Ары қарай бағдарламаны көрудің мәнісі жоқ", "Сұлтансыз, Дианасыз қызық емес", "Кеткенің мүлде дұрыс емес, Альмираны мүлдем көргім келмейді", - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары