$ 523.58  549.71  5.01

«Хиджабты насихаттама»: Қызын орамалмен тұмшалап қойған Қарақат елден оңбай сөз естіді

Қазақ еліктеп сәбидің де миын улап жатыр.
Фото: instagram.com/ayala_kydyrali
Фото: instagram.com/ayala_kydyrali

Танымал әнші Қарақат Әбілдина қызының инстаграмдағы парақшасына орамал тағып, ұзын көйлек киген Аяланың арабша ән айтқан видеосын салды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Аяланың парақшасын Қарақаттың өзі жүргізетіндіктен, оның жазбаларын қызының атынан жариялайды. Бейнежазбада Аяла басына орамал тағып, ұзын көйлек киіп, арабша әндетіп отыр.

Салем достар! Үстімдегі көйлекті үш жасымда сыйлаған еді, соны бүгін тауып алып кисем, шап-шақ екен. Көйлегіме сай әндетіп отырмын. Алла баршаңызды қолдап, қорғап жүрсін! Ұнаса лүпілдетіп қойыңыздар, – делінген бейнежазбаның астында.

Ал оқырмандары болса кішкентай қызға орамал тағып қойған Қарақатты сынға алды. 

“Арабтың дінін алсақ та, тілін, әдет- ғұрпын алмайық”, “Айналайын, Қарақат, кейін хиджаб киіп кетпесінші”, “Дінді, хиджабты насихаттамаңыз. Бала - бала болып өсуі керек”, “Орану өзге ұлттың дәстүрі. Қазақ еліктеп сәбидің де миын улап жатыр”, “Бүркеніп тұмшаланған жастарды көргенде біртүрлі боламын”, “Неге бәрі орануға әуес?”, “Неге қымтап қойған, кемпір ме?”, – деп олар өз  наразылығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары