Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші қос ұлын ертіп күйеуінің туған жері Қызылкөл ауылына барған.
Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар,ауылдастармен құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе..., – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.