$ 442.05  474.14  4.74

«Өзінше элита болып жүреді»: Дариға Бадықова отандық актрисаларды сынға алды

Өнер иесі жағымсыз рөлдерді ойнауға ұялып, қорқатын актрисаларға белігілі бір образды беру қиын екенін ашып айтты.
Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Биыл өзінің киносын түсірген танымал актриса Дариға Бадықова көптеген отандық актрисаның жағымсыз образдарды сомдауға келгенде аяқ тартатынын  айтып, сынап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дариға Бадықова фильмінде актердің көп болғанын қаламаған. Оның себебін желідегі жазбасында түсіндірді.

Киномды түсіремін деп шешкенде, сценаристерге көп актерлар болмасын деп айттым. Себебін айтайын ба? Өміршең актерлік ойынды көрсететін актерлар азбыз. Әр актер өз ойынымен, жаратылысымен қызықты болғаны дұрыс-ау. Өмірдегі әр түрлі адамдарды көрсету үшін, оның түрінде де, мүсінінде де, ішкі еркіндігінде де ерекшелік болуы маңызды. Өмірді ырбиғандар, спортпен айналысатындар, таңертең тауға шығатындар, салоннан шықпайтындар, қартаюдан қорқатындар, “спичка” сияқты арық “миллионерский хламмен” ауыратындар, өзінше элита болып жүретіндер ғана сүріп жатқан жоқ қой. Өмірді әр түрлі, сан түрлі тағдыры бар адамдар сүреді. Түсінесіздер ме? – дейді актриса.

Өнер иесі жағымсыз рөлдерді ойнауға ұялып, қорқатын актрисаларға белігілі бір образды беру қиын екенін ашып айтты.

Образ жасауға келгенде, түрімізді жаман етіп ойнауға ұяламыз, ұрысқақ адамды ойнауға қорқамыз, 40 жасқа таяған кей актрисалар переход жасауға әлі ұялып жүр. Кексе қатындардың қатарына келе жатқанын мойындағысы келмейді ғой. Ондай актрисаларға не қатынның, не қыздың рөлін бере алмайсың. Переход жоқ. Бір сөзбен айтқанда, актрисалар таңдауға келгенде қадалады екенсіздер, режисер, продюсерлер, енді түсіндім. Барлық шағармашылық топтың жұмысын режисердың ойын, сценаристің не айтқысы келетінін, ойынымен анық көрсетуі керек. Қысқасы, бізге ішкі еркіндіктен айырылмау керек екен, -  деп жазды Дариға Бадықова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары