Жақында шаңырақ көтерген әнші Kalifarniya Алматыда өткен концертте өнер көрсетті. Сахнада күйеуін бимен сүйемелдеуге шыққан Анель концертке жиналған жұртқа сәлем салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көпшілікке сәлем салған видеосын Анель өзінің TikTok-тағы парақшасында жариялады. Бейнежазбадан Kalifarniya-ның "халқыма сәлем сал" дегенін естуге болады. Ал, Анель күйеуінің сөзін жерге тастамай бірден иіліп сәлем берді.
Видеоны тамашалаған желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, ризашылықтарын білдіріп жарыса пікір қалдырды.