$ 441.66  475.14  4.86

2023 жылы қандай өнер жұлдыздарының ұл-қызы мектеп табалдырығын аттады?

Бірі ақылы мектепті таңдаса, енді біріне мектеп формасынан көрі білім ордасының деңгейі әлдеқайда маңыздырақ.
Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

 

1 қыркүйек – Білім күні. Бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, олар үшін алғашқы қоңырау соғылды. Кейбір отандық шоу-бизнес өкілдері үшін бұл көптен күткен мереке, қуаныш. Биыл қай өнер жұлдыздарының балалары 1-сыныпқа барды? Бірге білейік.

Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлінің екінші қызы Тоғжан 1-сыныпқа барды. Бүлдіршіннің алғашқы қоңырауына атасы мен апасы және қос әпкесі Фариза мен Дина қатысты. 

©instagram.com/farizatoreali

Дінге бет бұрып, өнер жолынан кеткен Айдана Меденованың ұлы Әлихан да мектеп табалдырығын аттады. Оның айтуынша, Әлихан мектепке сәл ертерек барды. 

1-сыныпқа баратын бала әлі ұйықтап тұр. Мен енді екі оқушының анасымын. Көбі Әлиханның жасын, қандай мектепке бергенімізді сұрап жатыр. Әлихан мен Әмина бір мектепте оқиды. Екеуінің жас айырмашылығы 1 жас 8 ай. Әлихан мамырда 6 жасқа толды. Әминадан қалмасын деп ерте беріп жатырмыз. Бағдарламаны меңгеріп кетеді деп ойлаймын. Екеуі де қазақ мектебінде оқиды, –дейді Айдана Меденова.

©instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың ерке қызы Аяла үшін де алғашқы қоңырау соғылды.

Құрметті қазақ елі! Ардақты ұстаздар! Қымбатты оқушылар! Аяулы ата-аналар! Сіздерді бүгінгі білімнің алғашқы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Алла Бере салған Аяла қызымыз мектеп табалдырығын аттады. “Өмірге келді” деп қуанғанымыз кеше ғана сияқты еді, енді, міне, оқушы атанып, қуанышымыз еселенуде. Құлыншағым қызым, қадамың құтты болсын, – деп жазды Қарақат Әбілдина.

©instagram.com/karakat_a

Динара Қырықбаеваның ұлы Бисұлтан даярлық сыныбына барса, Серік Ибрагимовтың тұңғышы Хамза 1-сыныпқа аяқ басты. 

©instagram.com/kyrykbayeva/ibragimovserik

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожаның ұлы Расул да жаңа өмірге қадам басты. Бұл туралы әншінің әпкесі Роза Әлқожа жазды.

Қайырлы күн! Білім күні құтты болсын! Бүгін Әбдіжаппар Әлқожаның екінші ұлы Расул баламыз 1-сыныпқа барды. Қадамы құтты болсын! Балаларымыздың зейіні ашылып, болашағы жарқын болсын! Үміт пен сеніміміз ақталып, тәрбие мен тәлімнің тал бесігі болғай, – деп бүлдіршінге ақ тілегін арнады әнші.

©instagram.com/roza_alqozha

Әнші Мөлдір Әуелбекованың ұлы Салтай мен актриса Фатима Кулибалидің қызы Эмина да бүгіннен бастап оқушы.

©instagram.com/moldir.auyelbekova/fatima_kulibali

Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбеттің ұлы мен танымал рэп орындаушы Назима да қызы Амелия үшін алғашқы қоңырау соғылды.

©instagram.com/13nazima/akbotanurabaykyzy

Бірі ақылы мектепті таңдаса, енді біріне мектеп формасынан көрі білім ордасының деңгейі әлдеқайда маңыздырақ. Бірақ әр ата-ананың алғаш мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарының білім нәрімен сусындап, келешекті жарқын етер ұрпақ боларына сенім білдіретіні сөзсіз.

Дереккөз: stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары