03.09.2023, 12:30

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болды

Фото: instagram.com/erdoskanaev
Үлкен ұлы осыдан үш жыл бұрын дүниеден озған еді.

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ердос Қанаевтың төртінші перзенті дүние есігін ашты.

Сүйінші! Әлхамдулиллә. Қасиетті жұма күні қызды болдым. Өмірге ханшайым келді, – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, Ердос Қанаевтың Әбдірахим, Диасыл және Асылым есімді ұл-қызы бар. Үлкен ұлы Әбдірахим 2020 жылы 9 жасында дүниеден озды.