Әнші Наркенже Серікбаева "Менің өмірім" бағдарламасына өзінің өнердегі басты жанашырлары туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Жасыратыны жоқ, осы өнерде Жасұлан (Жасұлан Базарбаев - ред.) ғана қолдаған. Әлсіреп жатқан гүлге су құйсаң қайта жанданады ғой. Әлсіреп жатқанда: "Жасұлан, не істеймін? Қойып кетейін бе?", - дегенмін. "Жындысың ба? Кел, мен саған көмектесемін", - деп әлсіреп жатқан гүлге су құйған сол. Жасұланнан кейін оңтүстікте Пернебай деген ағамыз бар. Осы екеуі көмектесті. Мен қызымды не үшін өнерге алып келмеймін? Қиыншылығы көп. Аяқтан шалғанға төтеп беруің керек, сынып кетпеуің керек, төзуің керек. Сынсаң сені ешкім тұрғызбайды. Өзіңде қайта тұруға күш болу керек. Күш болмаса, үстіңнен таптап өтіп кетеді, - деді әнші.