Жастар арасында Kalifariniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев “Түнгі студия” бағдарламасында қонақ болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бағдарлама барысында Нұрлан Қоянбаев: “Қазақстандық жас әншілер елімізде ғана емес, шетелдерде де концерт берсе екен, сол жақтан ақша алып келсе екен деп ойлаймыз. Қандай жоспарларың бар?” деп сұрақ қойды. Ал жас әнші болса оған төмендегідей жауап берді.
Бұйырса Американың үш қаласында концерт бергелі жатырмын. Сол жақтан ұсыныс түсті. Қазіргі кезде көршілес Қытай, одан кейін Оңтүстік Корея елдерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазан айында Американың Нью-Йорк, Майами және Чикаго қалаларында концерт өтеді.
Жақында биші қызға үйленген Kalifariniya шетелдегі концерттеріне келіншегін апармайтынын да айтты.
Менімен ермейді, үйде қалады. Бұл біздің ортақ шешім, – дейді Фархат.