06.09.2023, 18:00

Ерке Есмахан гендер-патиге Раимның қарсы екенін айтты

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым.

Жүкті екенін хабарлаған Ерке Есмаханнан көпшілік гендер-пати өткізуді сұрауда. Әнші баланың жынысын жария етуге жұбайы Раимның қарсы екенін айтты, деп жазды Skifnews.kz.

Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтты.

"Гендер-пати қашан?", - деп сұрады әншінің оқырманы. Ал Ерке Есмахан гендер-пати өткізуді жұбайының құптамай отырғанын жеткізді.

Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлде де айтып көремін. Бірақ, болмайды-ау сол, - деп жауап берген Ерке Есмахан.