Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-парақшасына жазбы қалдырып, көпшілікті ойландырып қойды, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шыдамның да шегі бар! Енді үндемеу мүмкін емес! Осынша жасқа жетсем де бұған дейін «тілім» қысқа болды. Оны өзім де байқамаппын. Енді бәрін айтамын. Бірақ бәріне емес. Мен періште емес, пендемін. Менің де тілім ұзаратын сияқты. Бұл шындық тек менің жылдар бойы бірге келе жатқан оқырманыма арналады. Сол себепті парақшамды жабамын. Ендігілер өміріме де, парақшама да есігімді қағып кіреді, - деп жазды ол.