09.09.2023, 05:20

«Бірден келістім»: Анара Батырхан үнді азаматына тосынсый жасады

Фото: @anarabatyrkhan
Әр шаңырақта тек қуаныш болсыншы.

Танымал актриса Анара Батырхан үнді жігітіне тосынсый жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Бүгін бір ерекше той болды ағайын. Арнайы сюрприз ретінде осы кешке шақыртылдым! Америкада менің әндерімді сүйіп тыңдайтын Абхишек есімді үнді тыңдарманым бар екен. Мені 5 жылдың көлемінде қарап, тамсанып әйеліне айтады екен. "Үнді әндерін қарашы қалай шырқайды" деп.Сөйтіп ұлдары Яштың тұсау кесерін Қазақстанда жасайтын болғандықтан, әйелі Ақмарал мені тосынсый етіп осы кешке шақыртуды жөн көріпті! Шынымды айтсам, мен мұндай ұсынысты естігенде, бірден келістім, қуандым. Абхишектың қандай эмоцияда болғанын "в живую" көрсеңіздер ғой. Ұмытылмас кеш! Осындай дүние жүзінде менің тыңдарманым болғаны мені қатты қуантады. Аллаға сансыз шүкір! Әр шаңырақта тек қуаныш болсыншы, - дейді ол.