18.09.2023, 11:40

Әли Оқапов алғаш рет ұлын көрсетті (ФОТО)

Фото: instagram.com/akerkeburkitbay
Әжесі Роза Рымбаеваға ұқсап тұр.

Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Роза Рымбаеваның немересіне жеті ай толыпты. Бұл туралы Әли Оқапов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Зейін бүгін 7 айға толды. Бұл суретті біз бірнеше ай бұрын жасағанбыз. Қазіргі Зейінмен салыстырсаң - екі бөлек адам сияқты. Шынымен де, уақыттың зымырағанын баланың өсіп кеткенінен анық байқайсың. Бар тілегім аман-есен өсіп, денің сау болса болды. Тағы бір айың құтты болсын балам, – деп жазды әнші.

Өз кезегінде Ақерке Бүркітбай да ұлына арналған жазба жариялады.

Әкесінен аумай қалған ботақаным! Аман бол! Денсаулығың мықты болып, нағыз азамат болып ержет. 7 айға толуыңмен, – делінген жазбада.

Ал желі қолданушылары болса Зейінді әжесі Роза Қуанышқызына ұқсайтынын жарыса жазды. 

“Роза әжесінің көшірмесі”, “Роза апайға ұқсайды”, “Әжесі Роза Рымбаеваға ұқсап тұр, ғұмырлы болсын”, “Әжесіне ұқсайды балапан! Аман болсын”, “Апасына ұқсайды екен”, – деп жарыса жазды желідегілер.