Продюсер Ерболат Беделхан қыздардан тұратын топ құрды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол бұл туралы "Жаңа түнгі студияға" берген сұхбатында айтты.
Қыздар тобын шығаруға бел будым. Сөйтіп, кастинг жасадым. Қыздардың тобының атауын түсіндірейін. Менің кішігірім философия, көзқарасымды ары қарай тасушы. T'OI деп топтың аты қойылды. TOY ағылшыннан аударсақ қуыршақ деген сөз. 17 жастағы қыздар әлі бала ғой, қуыршақ қой. TOI ға келсек бұл түрік ойы деген сөз. Үшіншісі ТОЙ. Біз музыкант болғаннан кейін біз ұғымды бұзып жіберген сияқтымыз да. Қарынның тоюы емес негізі көңіл тою керек қой. Сол сөзді мен қайтадан жандандыруға шығардым, - деді Ерболатын Беледхан.