$ 444.14  477.05  4.85

Қайрат пен Жұлдыз оқырмандарына қуаныш сыйлады

Жүрегімізді ауырта бермей, бірге жүріңіздерші.
Фото: instagram/kair_n
Фото: instagram/kair_n

Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында әйелі Жұлдызбен бірге түскен видео жариялады. Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қайта көргеніне қуанышты екенін айтып, екеуіне бақыт тіледі, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл махаббатқа таң қалам, - деп жазды Қайрат Нұртас Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл видеосын қызу талқыға салып, оларға бақыт тіледі.

"Өзімнің ағам мен жеңгем қосылғандай қуаныштымын", "Жұлдыз Қайрат үшін құтты болды", "Екеуін бірге көрсем, қуанамын", "Мәңгі бақытты болыңдар", "Жарасымды жұп", "Жүрегімізді ауырта бермей, бірге жүріңіздерші", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2007 жылы шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұптың екі қызы мен екі ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары