25.09.2023, 11:20

«19 жас үлкен»: Әнші Индира Елемес күйеуі жайлы құпиясын ашты

Фото: instagram.com/indiraelemes
Мен 18-ге толар-толмас тұрмысқа шықтым.

Әнші Индира Елемес «Қызықты weekend» бағдарламасында күйеуінің өзінен 19 жас үлкен екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шығыс Қазақстанның келінімін. Күйеуім метис сияқты, бірақ таза қазақ. Ол өзімнен 19 жас үлкен, - деді әнші. 

Сонымен қатар Индира Елемес балалары және олардың қызығушылықтары жайлы баяндады.

Мен 18-ге толар-толмас тұрмысқа шықтым. Бала босанғаннан кейін Қазақстанда көп жүрмеймін. Көбіне шетелде жүремін. Содан болар, көп әншілермен де араласа бермейді екенмін. Қазір бала-шаға өсті. Неге достарым жоқ жанымда деген сауал болады. Екі қыз, бір ұлым бар. Әлі де береді деп үміттенеміз. Өзім көпбалалы ана болғым келеді. Тұңғыш қызымның есімі - Лейла, кенже қызым - Айлин, ұлым - Қажымұқан. Лейла тік мінезді, сабағын жақсы оқиды. Өте намысшыл. Домбыра сабағына барады. Мінезі әкесіне тартқан. Стоматолог болғысы келеді. Әкесі де, мен де қолдаймын. Кореяда білім алғысы келеді. Ұлым кішкентайынан хирург болғысы келеді. Нағыз балалық махаббатты ұлымда сезіндім. Қызым екеуінің арасы жеті жас. Айлин карантин кезінде дүниеге келді, - деді әнші.