Белгілі әнші, "Кешью" тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін қандай күйде жүргенін айтып, оқырмандарына бір ақтарылып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мен негізі сіздерге бір нәрсе айту керек сияқтымын. Ішіме сыймай бара жатыр. Соңғы оқиғалардан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгерістер болып жатқанын айтқым келеді. Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Барлық стресс, күйзелісті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жиналдым, – деп жазды Балжан Бидаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші ажырасқаннан кейін өзін мазалап жүрген біраз жайттың барын да ашып айтты.
Ендігі менің алдағы өмірімде әзірге бір ғана ой мазалайды. Ол менің күйімде кешіп жүрген әйелдер қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайда жүрген жандар түсініп отырған болар. Айырылысқан жандарды көбіне “әрі қарай қалай өмір сүремін, қалай күн көремін” деген ой қатты мазалайды екен. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі ғажап емес нәрсе. “Ажырасу – кіші өлім” деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Қатты әңгіме болып жатқанын білемін. “Ары қарай қалай өмір сүресің?” деп сұрап жатқандар көп. Бірақ мен өз ақылыма, сіздердің қолдауларыңызға сенемін, – деп жазды ол.
Дегенмен Балжан Бидаш алға мақсат қойып, өмірін жақсы жаққа өзгерту үшін біраз еңбектеніп жүрген секілді. Оған дәлел төмендегі сөздері.
Қазір өзіме-өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын, тек алға қарай жылжу керек. Алдында Қытайға қосымша табыс көзін іздеп, барып, қайттым. Бірақ тапқан жоқпын. Сонда да тоқтамай әрі қарай іздеп жатырмын. Мен қазір бір ғана мақсат тұр. Ол жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін, өз өмірімді жасау үшін жаңа істерді жасап көруге, ізденуге де дайынмын. Сіздерге де осылай ойлауға кеңес беремін.