Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова ұлы Нарұлдың денсаулығы мектепте жүріп сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жігіт бүгін қорқытып, ауруханадан бір-ақ шықтық. Таңертең балаларымды мектепке қалдырып, алаңсыз жұмысыма кеткенмін. Нарұлдың жағдайы жақсы болған. Бірнеше сағаттан кейін мектептен қоңырау түсіп “Нарұлдың тынысы тарылып жатыр” деген хабар жеткізді. Аяқ-қолым қалтырап, кардиология бөліміне әрең жеттім, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Қайрат Нұртастың әйелі ұлының жүрегіне ота жасалғаныны айтты.
Нарұлымның жүрегіне ота жасалған күннен бері 6 жыл уақыт өтіпті. Нарұлдың жүрегі дәрігерлердің бақылауында. Жылыныа екі рет тексерістен өтеміз. Уайымдап, тілек білдіріп жатқан баршаңызға алғыс. Тексерістен өттік, қазір жағдайымыз бір қалыпты, – деді ол.