Бүркіт пен Ресейдің эстрада әртісі Наташа Королеваны не байланыстырады? Әртістің өзі осы әңгімеге қатысты "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында ойын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.
Ешнәрсе байланыстырмайды. Мейрамдарда ғана хабарласып, бір-бірімізді құттықтап тұрамыз. Бірге ән жаздық, болды. Ол кісілердің өмірге деген көзқарасы өзгеше. Олар ештеңеден ұялмайды, біз кішкене ұялып, бірнәрсе жасамас бұрын былай жасасақ қалай болар екен деп 10 рет ойланамыз. Ал олар ойланбайды, жасай салады. Мысалы, келген күні әлеуметтік желіге қонақүйдің нөмірінде түскен жалаңаш суретін салып жіберіпті. Ұйықтап жатсам, досым қоңырау шалып "не істегенсің?" деп сұрақ қойды. Мен досымның не туралы айтып жатқанын түсінбедім, кейін маған суретті жіберді. Көрген соң таңғалып, айтарға сөз таппай қалдым. Масқара болды ғой деп ойладым. Олар мұндай нәрсеге ұялмайды, көзқарастары өзгеше, - деді әнші.
Айбек Сейітов Наташа Королёва инстаграм парақшасына жариялаған "Тарзанға қарағанда, бүркітке қарай бүйрегім бұрып тұрады" деген жазбасына қатысты да пікір білдірді.
Мен мұндай жазба оқымадым, көрмедім. Құдай сақтасын, мен үшін жұбайыма жететін адам жоқ. Арамызда артық ешнәрсе жоқ, біз барған жерімізге тамақтану, қонақүй болсын бәріміз бірге бардық, Аиша да бар. Олар мұнда 2 күн ғана болды, сосын қайтып кетті, - деп жауап берді Бүркіт.