Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Сейітов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, Болат Назарбаев әйелі «Аишаны алып кеткені» туралы қауесетке жауап берді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ешқашан ол кісіден ондай сөз бен әрекеттерін естіген емеспін. Алып қашпа әңгімені жаза береді. Одан соң Бүркіт барып атысып, қырылысып зорға дегенде екі-үш күннен кейін қайтарып алыпты деген. Сөзім жоқ. Өсек шығарған адамды табу керек еді негізі. Егер ондай болса, осы уақытқа дейін еститін еді ғой. Жанымызда жүр ғой, Мақпал әпкеміз бар, Жүнісова. Тағы көп әнші бар, ұйымдастырушылар бар. Еститін еді ғой біреуі, көретін еді. Біз әрқашан да баратынбыз. Ол кісінің керісінше ондайы жоқ, сабырлы. «Қалай, балам, жақсы ма бәрі?» дейді. Өзінің дастарханына отырғызып қояды. Талай тойларына бардық қой. Ақшасын береді, төлейді. «Болды, жақсы, рақмет» деп қайтамыз, – деді өнер иесі.
Ол Болат Назарбаевтың әншілерге жақсы қарайтынын, алайда Аиша туралы әңгіме өсек екенін жеткізді.
Ол кісіге де жеткен шығар бұл өсектің бәрі. Әдейі жасап жатқан сияқты. Бұл - өтірік, өсектің нағыз өсегі. Аиша да «елдің бәрі әбден сенетін болды-ау, қанша жыл болды» дейді. Жарайды енді, не істейміз енді? Мен бұл туралы ешқашан еш жерде сұхбат берген жоқпын. Бір-ақ рет Instagram-да айтқанмын, «Осындайларыңды қойыңдар, өтірік-өсектерге сене бермеңдер» деп айтқанмын. Ал телеведениеде ешкімнің мұндай сұрақ қоюға дәттері бармаған. Мен дайын тұратын едім жауап беруге. Ол кісілер әншілерге өте жақсы қарайды. Мұны көреалмаушылық деп ойлаймын. Ондай адамдарды құдайдың өзі кешірсін. Бәрі әбден сенетіндей болып кеткен. Өтірік мұның бәрі өсек, құдай сақтасын, – дейді әнші.