Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында соңғы уақытта фильмге неге түспей кеткенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өмірдің заңдылығы ғой. Біріншіден, жас келді. Екіншіден, киноға түсетін сәннен өттім. Үшіншіден, артымыздан жастар келді. Төртіншіден, тарихи тақырыптарға фильм түсірілмей кетті. Маған арнайы сценарийлер болмай жатыр. Әр кезеңнің, әр уақыттың алдыңа тосатын заңдылығы, талабы бар. Бүгін өмірде қандай жағдай болды? Ертең қандай жағдай болады? Құдай берген алты немерем бар, алты перзентім бар. Соған енді шүкіршілік етіп жүрген жағдайым бар, - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Еске салсақ, күні кеше өнер қайраткері 75 жасқа толды.