Былтыр тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова тегін өзгерткенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атышулы блогер The DS' Show бағдарламасына берген сұхбатында күйеуінің тегіне өтіп, құжаттарының бәрін ауыстырғанын жеткізген.
Мен енді Байзақова емеспін. Әрдайым тегімді ауыстырмаймын дейтінмін. Бірақ бұл – өмір. Менде таңдау болмады, - деді Айжан Байзақова.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан блогер енді Айжан Арыстанова болғанын жеткізді.