Актриса әрі блогер Әсел Асқар біраз уақыт бұрын Алматыдағы фитнес-залда соққыға жығылған болатын. Ол Instagram парақшасында істің немен аяқталғанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушысының бірі актрисадан «Жаттығу залындағы болған оқиға немен аяқталды?» деп сұраған.
Ал Әсел Асқар спортшы жігітпен татуласқанын жеткізді.
Оқи отырыңыз: «Қорландым»: Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқарды ер адам фитнес клубта соққыға жыққан (ВИДЕО)
Полиция блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты пікір білдірді
Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Кейін ол кешірім сұрады. Мен оның кешірімін қабыл алдым. Сонымен қатар мен де кешірім сұрадым. Жанжал шешілді, - деді Әсел Асқар.
Тағы оқыңыз: Әсел Асқарды соққыға жыққан кәсіпқой спортшы 15 тәулікке қамалады