10.10.2023, 10:40

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында эксклюзивті кадрлармен бөлісті

Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан
Олар бұл туынды ерекше болатынына сенімді.

Әнші, музыкант Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. Ол жанкүйерлеріне түсірілім алаңынан видео бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Димаштың бейнебаяны Лос-Анжелесте түсіріліп жатыр.

Лос-Анжелесте жаңа әнге жаңа бейнебаян түсіріп жатырмыз. Баршаңызға жақсы күн болсын!, - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Әншінің жанкүйерлері жаңа ән мен бейнебаянды тағатсыздана күтетінін жазды. Олар бұл туынды ерекше болатынына сенімді.