11.10.2023, 05:30

«Елді таңдап қойдық»: Ерке Есмахан шетелден үй алатынын айтты

Фото: @erke_esmahan
Түбегейлі көшіп кетпесек те, барып айлап тұратын боламыз.

Ерке Есмахан шетелден үй сатып алуды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ерке Есмахан оқырмандарының бірі қойған сауалына жауап бергенде мәлімдеді.

Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деп, онымен ол ойдан қайттық. Ақылдаса келе бір үй бар Қазақстанда, екінші үйді шетелден алайық деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшіп кетпесек те. барып айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса ол күн де алыс емес, - деп жауап жазды әнші.