13.10.2023, 03:30

«Солай келістік»: Азамат Сатыбалды жеке өміріне қатысты құпияны ашты

Фото: Incstagram/azamatc
Тіл-көз деген бар.

Актер Азамат Сатыбалды DASTARХан бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отбасы деген ол - сенікі. Сенің отбасың біреуге қызық болмауы керек. Өнер адамы ретінде мен бәрін ашып тастасам, қалай шай ішем, әйеліммен, баламмен қалай сөйлесем, базарға қалай барам, осының бәрін айтып тастасам, менің көрерменге не қызығым қалды? Оның үстіне тіл-көз деген бар. Отбасы - менің демалатын, өзімді еркін сезінетін, өзіндік заңдылықтарым бар мемлекетім болуы керек қой. Солай келістік, - дейді актер.