Қытайда өтіп жатқан "Singer-2017" халықаралық ән байқауының 9-шы кезеңінде Димаш Құдайберген ағылшын тілінде All by Myself әнін орындайды. Бұл туралы weibo.com порталында жазылған.
Сондай-ақ, қазақ әншісінің продюсері Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Қытайдың косметикалық өнімдер шығаратын ірі компаниясымен келісімге отырып, брендті жарнамаламақ. Бұл туралы продюсер "Қазақпарат порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Димаштың өнеріне табынушы фанаттар таң қалдырудан жалығар емес. Мәселен, жуырда әншіге тыңдармандары қазы-қарта пісіріп әкеп берген.
"Қазы-қарта, тары, талқан, құрт, май, жеміс-жидектер - бәрі бар! Туған жерінен жыоақта жүрген әнші үшін бұлардың маңызы зор. Біз қораптарды ашып үлгере алмай жатырмыз", - деді продюсер.