$ 446.49  475.38  4.79

«Singer-2017»: Димаш тоғызыншы кезеңде екінші орын алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының тоғызыншы кезеңінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш бұл кезеңде екінші болып өнер көрсетіп, әлемдік хит «All by Myself» әнін орындаған болатын.

Тоғызыншы кезеңнің қортындысы:

1. Линь Чжисюань
2. Димаш Құдайберген
3. Lion тобы
4. Sandy
5. Ли Цзянь
6. Лян бо
7. Пэн Джияхуэй
8. Чжан Цзе

Айта кетейік, байқаудың финалына тек бір кезең қалды. Ал жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден Димаш, Sandy және Lion тобы жобадағы жолдарын жалғастырып келеді.

Еске сала кетейік, байқаудың сегізінші кезеңінде Димаш тамағының ауырып қалғанына қарамай, қытайша «Таң атты» әнін айтып, бесінші орынды иеленді. Сегізінші кезең Қытай телеарналарынан 11 наурыз күні көрсетіледі. Ал тоғызыншы кезең - 18 наурызда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары