$ 442.05  474.14  4.74

Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының Отан алдындағы борышын қайда өтеп жатқанын айтты

Ұлымды бір жыл көрмейтініме жыладым.
Скриншот: instagram.com/dinarasatzhan
Скриншот: instagram.com/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжан жақында ұлын әскерге жіберді. Ол "Өмір көркем" бағдарламасында ұлының Отан алдындағы борышын қайда өтеп жатқанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әскерге аттанар алдында менде ешқандай сезім болмады. "Даниял, сен ер жігітсің. Сен мықтысың, бәрі жақсы болады" деп айттым. Мен ұлым үшін қорықпаймын. Әскер - түрме емес. Ұлымды бір жыл көрмейтініме жыладым. Оларды бір күнге жібереді. Жақында көреміз. Әскерде өзін жақсы көрсете алса, тәртібі жақсы болса, үш айда бір рет үйге жібереді екен. Егер бір жылдың ішінде үйге 5-6 рет келсе, біз үшін соның өзі - жеңіс. Даниял әскери борышын мемлекеттік күзет қызметінде өтеп жатыр. Қазіргі қорғаныс министрлігінің жаңа ережесі бойынша, әскерге барып келген кез келген жігіт ҰБТ тапсырмай-ақ, қалаған жоғарғы оқу орнына грантқа түсе алады. Ал ақылы бөлімге түссе, оқуын 2-курстан бастайды. Даниял келесі жылы күзде келгенде 2-курстан бастап оқиды, - деді Динара Сәтжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары