Астанада 178 наурыз күні «Хан Шатыр» ОСО-да «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрме өтеді. Мәдени шараны Түркияың Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырып отыр.
Түркия халқы 18 наурызды Жеңіс күні мен Чанаққала шаһидтерін еске алу күні ретінде атап өтеді. Осы күн Бірінші дүниежүзілік соғыс пен түрік елінің тарих беттерінде өшпес із қалдырған белестердің бірі болды. 1815 жылы наурыз айында Антанта әскерлері Дарданел бұғазы арқылы өтпек болған жолда үлкен тойтарысқа ұшырады. Шайқасқа қатысқан 250 мың түрік әскері отан қорғау жолында жанын пида етті.
Биыл 18 наурызда Чанаккале жеңісіне 102 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылатын фотокөрме Астанадағы «Хан Шатыр» ОСО-да 17 наурыз күні сағат 15:00-де жұмысын бастайды. Көрмеге қойылатын соғыс кезінде түсірілген тарихқа куә фотолар Түркияның Бас командованиесінің архивінен алынған.
Ашылу рәсімінен бұрын Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында ашылған «Юнус Эмре» хоры жеңістің құрметіне арнап, «Йемен түркісі», шайқасқа қатысқан 15 жасар көкөрімдер туралы «15 жасар бозбала» және «Чанаккале түркісі» деп аталатын шығармаларды орындайды.