Үшінші мәрте келін түсіріп, қолым ұзарып жатыр.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тағы келін түсіріп, құдаларын күтті. Жаңа құдаларын көпшіліке таныстырып, дәстүр бойынша салт-дәстүрді жаңғыртты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ал жастардың үлкен тойын алдағы уақытта өткізуді жоспарлап отыр.
Ата-ананың міндеті – балаларын құтты орынға қондыру. Үшінші мәрте келін түсіріп, қолым ұзарып жатыр. Құдалық тойын өткізіп, жаңа құдаларымызбен танысып, көзайым болып жатырмыз. Бұйырса үлкен тойын жасаймыз, - деді ол.
Әлеуметтік желіде құдалық тойында түсірілген фото-видео тарады.
Құда мен құдағайды көрпеге орау» деген салт бар. Бұл ырымның мәні – құдаларымыз бір жастықта қартайсын. Мәңгі бірге болсын деген ниетпен жасалатын жоралғы. Одан кейін «қазан-ошақ жыртысы» да көнерген дәстүрдің бірі. Оны да құдалық тойымызда есімізге алып, ырымын жасадық. Кей өңірлерде «отқа жыртар» деп те аталады. Мұны құдалыққа келетін жаңа құдағи әкеледі. Мата түсінің ақ болуы өте маңызды. Отау тігіп жатқан екі жастың өмірлері ақ болсын деген ниеттен туған. Екі жастың аналарының беліне байлайды, - деп түсіндірді.
Құдалық тойында жаңғырған салт-дәстүрлерді енді білген желі қолданушылары таңданысын жасырмады.