$ 494.87  520.65  4.91

Тәуекел Мүсілім неліктен үйлену тойын жасамағанын айтты

Махаббат ақ көйлек кигісі келеді. 

Фото: Instagram/mahonti__
Фото: Instagram/mahonti__

Тәуекел мен Махаббат Мүсілім «Төрлетіңіз» бағдарламасында қонақта болып, үйлену тойына қатысты қызықтарды айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Карантин кесірінен екі-үш рет күнін ауыстырып, соңында тәуекел етпейік деп той жасамайтын болып шештік. Басында мамыр айында дегенбіз. Дайындығымыз мықты болған. Жан Мұқанов өзі ұйымдастырған еді. 

Той көйлегін тапсырыс беріп, мейрамхананы да таңдап қойғанбыз. Бәрін келісіп қойған соң, рұқсат берілмей қалды. Екі-үш айдан кейін ашылады ғой деп күттік. Бірақ, карантин ары қарай жалғасты. Ол кезде бәрі қатаңдай түсті. 

Екінші рет ауыстырдық, күзге қарай деп ойладық. Бірақ, ол кезде де ашылмады. Сосын жасамайтын болдық. Себебі, біз жасасақ ел шулап кететін еді. Махаббат ақ көйлек кигісі келеді. 

Қазір балалар болғаннан кейін барлық көңіліміз соларға кетіп жатыр. Бұларды аяққа тұрғызайық. Сосын мүмкін 40-50 жасымызда жасармыз , - деді Тәуекел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары