$ 443.37  474.49  4.83

«Бұл – ерекше күн»: Димаш Құдайберген өнер жолындағы қызық сәтті еске алды

7 саны қазақ халқы үшін ерекше.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Әлмдік деңгейдегі танымал әнші Димаш Құдайберген жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желіде оқырмандарына Гонконгта жеке ән кешін өткізетінін айтып, өнер жолындағы қызық сәтпен байланыстырды.

Dears! 23 желтоқсан күні менің Гонконгтағы жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын! Бұл – ерекше күн. Өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын, мен Қытайға алғаш рет аяқ басқан едім. Содан кейін сіздермен шығармашылық жолымның қызық сәттері басталды! 7 саны қазақ халқы үшін ерекше. Сондықтан осы мерейтойда сіздермен Гонконгта STRANGER концерт турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын! Жақында билеттер сатыла бастайды, - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары