$ 444.32  473.33  4.76

Петропавлда соңғы 15 жылдан бері алғаш рет республикалық айтыс өтті

Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлы жазушысы, әлеуметтік еңбек ері Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті. Соңғы 15 жылда Солтүстік Қазақстан облысында республикалық деңгейде айтыстың өтпегенін атап өту керек.

Бұл байқауға Қазақстанның 9 облысынан суырып-салма ақындары қатысты.

Сайыстың бас жүлдесі – гран-при мен 600 мың теңгені түрлі халықаралық ақындар сайысының жүлдегері Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды.

1 орын мен 400 мың теңгені қарағандылық суырып-салма ақыны Мақсат Ақанов иеленді.

2 орын мен 300 мың теңгені солтүстікқазақстандық Мұхамед Қоңқаевқа берілді.

Жүлделі 3 орын мен 200 мың теңгені тағы бір Қарағанды облысының өкілі – Дидар Қамиевке берілді.

Тұрсынбек Кәкішевтің «ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорынан Қызылорда облысынан келген Мөлдір Айтбайға арнайы сыйлық пен 300 мың теңге ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Өмірбаевқа Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінен Ерік Асқаровтың атынан арнайы сыйлық пен 200 мың теңге табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары