Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын.
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасына құны 80 миллион теңге тұратын пәтер сыйлады. Ол тосынсый жасап, Instagram парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Анамның арманын орындадым. Алматының төрінен 80 млн теңгеге пәтер алдым. Ана-әке, қоныс құтты болсын, - деді блогер.
Видеодан Дарханның ата-анасының көзін байлап, сыйға алған пәтерге апарғанын көруге болады.
Сондай-ақ блогер өзінің тұратын үйінің бағасын 285 миллион екенін және айлық табысының да өте көп екенін жасырмайды.
Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 миллион теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді, – дейді Дархан.