Ол біреудің еркелетіп өсірген қызы.
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова "MOM’skий әңгіме" бағдарламасына сұхбат беріп, келіні туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айдарбекованың айтуыша, Заңғардың бірінші әйелі Жібек өзімен өзі өмір сүріп үйреніп қалған еркін қыз.
Халық біресе, Заңғардан көреді. Біресе, менен көреді. Шапалақты ұрсаңыз, дыбыс екі қолдан шығады. Ол бір жақтан болмайды. Ол біреудің еркелетіп өсірген қызы. Ол үйінде көп тұрмаған, мектеп бітіргесін шетелде болған. Өзімен-өзі жайлы өмір сүріп қалған қыз. Үлкен әулетке келіп, сіңісіп кетуі де қиын. Оның бәріне түсіністікпен қарадық. Кетер келін кетті ғой. Келген кезде халық "Түрі мынадай", "Көзі мынадай" деп тыныштық бермеді. Енді кеткен кезде "Сол келін дұрыс па еді" деп, жанашырлық білдіріп жатыр, - деді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова Заңғардың жаңа келіншегі жайлы айтып, баласының отбасына халықтың сыны кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізген.