Әнші бұдан біраз уақыт бұрын өзінен 18 жас кіші Ерболат Ержанбаевты «күйеуім» деп таныстырған.
Танымал әнші Шахизада Байпатшановаға тұрмысқа шығуға ұсыныс түскен. Әнші жеке парақшасына жүзіктің суретін салып, бейтаныс жігіттің хатын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Осыдан екі жыл бұрын әнші тұрмысқа шыққанын жарияға жар салған еді. Алайда онысы өсек болып шықты.
Қайырлы кеш, жақсыларым! Осындай ұсыныс түсіп жатыр. Күйеуге шыққым келмеді. Не істесем екен деп ойланып отырмын, – деп жазды әнші.
Бейтаныс жігіт әншіге хат жазып, сезімі барын жеткізген.
Кеш жарық, Шахи! Болжаушылар келесі жылы үйленуге болмайтынын айтты. Мен саған тез арада жаңа жылға дейін үйленгім келеді. Оның үстіне біз жас емеспіз. Сол үшін ашық сөйлесейік, маған ұнайсың, – деп жазған әншіге ғашық жігіт.
Еске салсақ, әнші бұдан біраз уақыт бұрын өзінен 18 жас кіші жас әнші Ерболат Ержанбаевты «күйеуім» деп таныстырып, сахнада бірге дуэт орындаған болатын. Кейін ол сөзі үлкен дауға айналып, әнші бәрі хайп екенін мәлімдеген.