$ 442.05  474.14  4.74

Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған бойжеткенді тапты (ВИДЕО)

Ол ақша елдің соңғы бес мың теңгесі шығар, қайдан білесің? 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған қызды тапты. Онымен Шардарада кездесті. Блогер бұл істі жасаған 16 жастағы қызбен және оның ата-анасымен жолықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің бойжеткенмен кездесу сәтінде түсірлген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Ырысбаланың айтуынша, алдаған қыз 9 адамнан 5 мың теңге алған.

Ол ақша елдің соңғы бес мың теңгесі шығар, қайдан білесің? Бес мың теңгесін алдап алған адамдарға 100 мың теңгеден қайтарасың. Сотта соны талап етемін. Алданған адамдар мені қарғап отыр. Сол маған жақсы ма? Қай бетіңмен алып отырсың? Олар да сенің әке-шешең сияқты кісілер ғой. Мен іздеп келмегенде қайтармай жібере беруші едің. 18 жасқа толмасаң, сен үшін әке-шешең жауапкершілік алады, – деді ашулы блогер.

Ол сотта ақша алған адамдарға 100 мың теңгеден қайтаруды сұрайтынын айтты.

Сол 9 адамға 100 мың теңгеден қайтар. Қазір мен бұл қызды кешірсем, тағы бір арамтамақ шығады, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары