Өнер иесі бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиін қашан босанатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Әншінің айтуынша, ол әлі күнге сәбиінің жынысын білмейді.
Құдай ақы, кім екенін білмеймін. Бірінші УДЗ "Қыз сияқты" деді. Екіншісінде "Дұрыс көрінбей жатыр" деді. Сосын "Қоя салшы, жүдә керек емес. Білмей-ақ қойдым. Аман-есен, дені сау боп келсе болды" дедім. Бірақ бізде білгіштер көп қой. "Ұл сияқты" деп көп айтады", - деді Алтынай Жорабаева.
Сонымен қатар әнші босанатын уақытын да көпшілікке бөлісті.
"Құдай өмірімен берсін. Кім болса да, қаңтар айында білеміз, - деді әнші.