Блогердің күйеуі босану процесіне қатысып, сәбиді қолына алған.
Танымал блогер, кәсіпкер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды. Ол перзентханадан видео жүктеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер Нұрбек есімді жігітке екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.
Алдымен түкіріп қойыңыздар! Нұрбек тұңғыш рет әке атанып жатыр. Екінші ұлды дүниеге әкеліп жатырмын. Дәрігерлер мен акушеркалардың арқасында бәрі ойдағыдай өтті. Құттықтаулар қабылданады, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары жаппай сәбиге ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр.
Видеодан байқағанымыз, блогердің күйеуі босану процесіне қатысып, сәбиді қолына алған.