$ 443.44  480.51  4.88

«Ішіме қан кете бастады»: Актриса Айым Сейтметова бір ажалдан аман қалғанын айтты

Егер өліп қалсам жауапкершілікті өзіме алатыным туралы қолхат жазып бердім.

 

Фото: Aiymsm
Фото: Aiymsm

Актриса, танымал блогер Айым Сейтметова өміріндегі ең ауыр оқиғасын “Мамский әңгіме” подкастында бүкпесіз баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, ол әпкесінің жұмыстарымен Корея еліне барған. Алайда денсаулығы сыр беріп, ота жасатуға тура келген. Жанында жолдасы Талғат та болып, қамқорлық көрсеткен.

Ішіме қан кете бастады. Негізі айтатын нәрсе көп, бірақ қысқаша айып берейін. Сол кезде Талғат маған өте қатты қолдау көрсетті. Сондықтан қатты мазасыздана қоймадым. Қасымда әкем жүргендей сезім болды. Операцияға ақша жинадық. Маған сол елде кореялық азаматтың қанын құйды. Абырой болғанда, жара жеңілдей түсті. Бірақ ішім қанға толы болды. Екіқабат секілді жүрдім. Осылайша мені Алматыға жіберді. Бастапқыда әрең жіберді. "Жарайды, өліп қалсам жауапкершілікті өзіме аламын" дедім. Егер өліп қалсам жауапкершілікті өзіме алатыным туралы қолхат жазып бердім. Алматыға келген кезде маған операция жасалды. Елге жеткенше ұшақта жатып келдім, – деп еске алды сол кезді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары