$ 443.37  474.49  4.83

Актер Мадияр Серікбаевқа ауыл азаматтары ат мінгізді (ВИДЕО)

Желіде жарияланған видеодан Серікбаевтың сахнадан түсіп, ат мініп жатқанын көруге болады.

 

Фото: Instagram/oner_kyrandary_official
Фото: Instagram/oner_kyrandary_official

"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының басшысы, актер Мадияр Серікбаевқа ауыл азаматтары ат мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Өнер қырандары" осыдан 15 жыл бұрын алғаш концерт берген Сарыбастау ауылына тағы да барып, елдің ыстық ықыласына бөленіп қайтты.

Елді-мекен азаматтары сахнада өнер көрсетіп жатқан әртістерге ерекше сыйлық тарту еткен. Олар театр басшысы Мадияр Серікбаевқа ел алдында ат мінгізіп, асқан сыйластық көрсетті. Бұл туралы "Өнер қырандары" театрының ресми Instagram парақшасынан белгілі болды.

Желіде жарияланған видеодан Серікбаевтың сахнадан түсіп, ат мініп жатқанын көруге болады.

"Өнер қырандары" 15 жыл бұрын алғаш концерт қойған Сарыбастау ауылының азаматтары ат мінгізді. Алла разы болсын", - делінген видео астында.

Артынан театр басшысы ауыл азаматтарына өз алғысын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары