08.12.2023, 17:00

Ерке Есмахан ұлының кіндік шешесі кім екенін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Жақында ғана босанған әнші декреттік демалыста ұзақ отырмайтынын жеткізді.

Әнші Ерке Есмахан декреттік демалысы қалай өтіп жатқанын айтып, оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жақында ғана босанған әнші декреттік демалыста ұзақ отырмайтынын жеткізді.

Алла бұйыртса жоспар көп, бәрі болады. Көптен бері армандаған жеке концертімді де келер жылы жасайтын шығармын , - деді әртіс.

Сондай-ақ өнер иесі күйеуі Raim-ның неге концерттерге шықпай кеткенін түсіндірді.

Уақытым жақындаған кезден демалыс алды. Желтоқсанның ортасында концерттеріне қайтып оралады. Ұлының қасынан шықпайды. Кеше көлігін жууға кетіп, жарты жолдан айналып қайтып келді. "Баламды сағындым" дейді. Енді қалай жұмыс істейді екен, - деп жазды Ерке. 

Оған қоса Ерке Есмахан ұлы Исламның кіндік шешесін көрсетті. Әнші баласының екінші анасы етіп Айнұр Асанбердіні таңдаған. Алайда эстрада жұлдызы кіндік әкесінің кім екенін ашып айтпады. Ерке ол жайлы жолдасы Raim өзі айтып беретінін жеткізді.