09.12.2023, 05:30

«Далада жүрген жоқ қой»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз қандай үйде тұратынын айтты

Фото: Instagram

Әкелері ай сайын пәтерінің өзіне миллион төлеп отыр біткенше.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова мен немерелері қандай үйде тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, Жұлдыз Әбдікәрімова коттедж үй сатып алған. Дегенмен құрылысы толық аяқталмаған.

Жұлдыз коттедж сатып алған жоқ па? Біткен жоқ, бітсе кірер. Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой. Әкелері ай сайын пәтерінің өзіне миллион төлеп отыр біткенше. Жағдайлары жасаулы, отбасы қалай жүріп тұрса да ақшасын аяп жатқан жоқ, - деп жазды продюсер.