$ 494.87  520.65  4.91

«Шай беріп, кешірім сұрасын»: Мақпал Жүнісова ұшақта шу шығарды

Мыналарды түсіну қиын. Air astana-ға билет алып едік, Fly arystan-ға алмасып, сонымен ұшып келдік.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова еліміздегі әуе компанияларына шүйлікті. Айтуынша таңертең ерте ұшатын ұшақ бес жолаушыны күтіп, екі рет ұшақ алмастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Алматыдан Астанаға ұшпақ болған. 

Бір сағат ұшақта отырмыз, бес жолаушы жетіспейді дейді. Олар келмейінше ұшпайтын көрінеді. Өткенде мен бес минут кешіккенде ұшаққа жібермей қойып еді. Түк түсінсем бұйырмасын. 8.45-те ұшатын ұшақ әлі тұр ұшпай. 150 адамның ішінен екі-ақ адам күтпей кете берейік деп дауыс көтердік. Екі сағат күтсек те, 5 адам сол күйі келмеді. Өткен жолы ұшаққа 5 минут кешіккенде мені өткізбей, билетім күйіп кеткен болатын. Мыналарды түсіну қиын. Air astana-ға билет алып едік, Fly arystan-ға алмасып, сонымен ұшып келдік, – деп жазды жеке парақшасына. 

Өнер иесінің тыңдармандары әншіге ұшақтың жолаушы қабылдайтын жүйесін түсіндіріп әлек. 

Бір оқырманы: “Қазақстанның халық әртісі ғой Мақпалды білмейтін адам жоқ. Неге олар өткізбейді?!, Іштарлықпен әдейі істеген шығар?!, Ал мына бес адамы керемет біреулер шығар, кешігіп келе жатқан дөкейсымақтар” деп болжады. “Олардың онлайн регистрациялары бар болғасын күтеді”, “Аман-есен жетіп алыңыз”, “Мені де жеті айлық балам күтіп жатыр деп екі минут кешіккенде жібермей қойған” деп әркім өз оқиғаларын айтып жатыр. 

Араға уақыт салмай, өнер иесі ұшақтан видео жолдады.

Екі сағат кешігіп ұшып, әрең жеттік Астанаға. Енді ұшақтан шықпай отырып алу керек. Қаншама рет ұйықтап тұрдық. Бір кесе су да бермеді. Кешірім де сұрамады, – деп ренжіді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары